fd774aa5cf162c110bfe7a4ddc7a2076 slider
- ЖАҢАЛЫҚТАР212 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 157 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 104 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 13 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 15, Индерде 10, Исатай ауданында – 8 Махамбет ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 9, Мақатта – 4 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 87 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделіп шықты.
Қазір 730 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 193,
№2 облыстық ауруханада -143, фтизиопульманологиялық орталықта – 67, аудандық инфекциялық стационарларда – 144 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 44 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.