original so5
- ЖАҢАЛЫҚТАР75 просмотров

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА БІР ТӘУЛІКТЕ 477 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРҒАН

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 477 науқас анықталды.

 Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 274 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 38 науқас анықталды. Ал, 100 – Жылыой ауданында, 14 – Индер ауданында, 0 – Исатай ауданында, 10 – Қызылқоға ауданында, 17 – Құрманғазы ауданында, 4 – Мақат ауданында, 11 науқас – Махамбет ауданында анықталды. 

 Коронавирустық инфекциясы бар 242 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 235 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 42 адам емделді. Қазір 6 474 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада – 58, модульдік ауруханада – 155, фтизиопульманологиялық орталықта – 52 адам, аудандық инфекциялық стационарларда – 70, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 108 науқас ем алуда. 

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.