9170db9818226bac 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР56 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 424 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Жылыой ауданында байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 424 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 257 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 24 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 67 науқас, Индер ауданында – 10, Исатайда- 16, Қызылқоға ауданында – 14, Құрманғазы ауданында – 14, Мақат ауданында – 10, Махамбет ауданында – 12адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 288 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 136 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 245 адам емделді.

Қазір 4045 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 198, екінші облыстық ауруханада – 198 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 79, кардиоорталықта – 108, т/ж ауруханасында – 99 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 371. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 267 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.