ashyq
- ЖАҢАЛЫҚТАР361 просмотров

Асқар Мамин: Вакцинация паспортын Ashyq қосымшасына енгізу керек

Вакциналау паспортын Ashyq қосымшасына енгізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.

«Бүгінгі күні вакцинаның бірінші компоненті 2,1 млн астам адамға, екінші компонент 1 млн астам адамға егілді. Маусым айында вакцина қорын 2 млн бірінші және 2 млн екінші компонентпен толықтыру бойынша шаралар қабылданып жатыр», – деді Асқар Мамин. Осы ретте Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер маусымда вакциналау қарқынын елеулі түрде арттыруы керектігін баса айтты. «Денсаулық сақтау министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, Ashyq мобильді қосымшасының тиімді жұмыс істеуі, қосымшаны қызмет көрсету салаларында кеңінен қолдану бойынша шаралар қабылдауы қажет. Вакциналау паспортын Ashyq қосымшасына да енгізу керек», – деген Үкімет басшысы бұл жұмыстарды бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа жүктеді.