4 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР63 просмотров

Асхан Байдуәлиев: “Атырау облысының тұрғындарын вакциналау тек ерікті түрде жүргізіледі”

“Білім басқармасы ұсынған алдын ала тізім бойынша өңірдің екі мыңға жуық педагогы коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтеді”,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен вакцинация жөніндегі жедел штаб отырысы барысында белгілі болды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, 4 наурызда аймаққа 2000 доза «Спутник V» вакцинасы келеді деп күтілуде. Бірінші кезекте дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да санаттар екпе алады.

  • 22 ақпаннан бастап Атырау облысында медицина қызметкерлерінің екінші компонентімен вакцинация жүргізілуде. Қазіргі уақытта 775 адам екпе алды, қалған 225 вакцина кесте бойынша кезекпен салынады.

-Ертең, 4 наурызда, Ақтөбе қаласында орналасқан қоймадан облысымызға вакцинаның кезекті партиясы келеді,- деді Асхан Байдувалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, білім беру саласы қызметкерлерін вакцинациялауды 9 наурызда бастау жоспарланған.

15 наурызда тағы 3600 «Спутник V» вакцинасы келеді. Алдымен, полицейлер мен студенттер вакцина алуды бастайды. Әрі қарай санат бойынша екпе алу жалғасады.

  • Өңірде вакцинация тек ерікті негізде жүргізілетінін атап өту керек, ешкімді мәжбүрлемейді, – деді Асхан Байдуәлиев.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова жауапты тұлғаларға білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.