deti v medicinskih maskah 782x440 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР348 просмотров

АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан

Балалар да ересектер секілді коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім келеді.

Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан.

Бұған американдық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығының есебі дәлел. Хабарламада айтылғандай, өткен аптада балалар арасында 23,5 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген. АҚШ-та COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың жалпы санының 14,2%-н балалар құрайды.