124 просмотров
2020 11 19 eee8f7af 0581 45be bd2a cd9bfffa97d9
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АИТВ НАУҚАСТАРЫ КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖЕҢІЛ ӨТКЕРЕДІ

49 / 100

Бұл туралы Атырау облыстық ЖИТС –ке қарсы күрес және алдын алу орталығының «Емдеу алдын алу»  бөлімінің инфекционист дәрігері Альфия Меңдіғалиқызы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында мәлімдеді.

– Мұның мәні антиретровирустық препараттарда. АИТВ жұқтырушылары оларды қабылдаған кезде коронавирустық инфекцияға  төзімді болады. Өйткені аурудың алғашқы кезеңінде қабылдғанда, адамның иммундық жүйесі артып, әртүрлі вирустарды көтере алады. Облыста АИТВ науқастарының саны 237 адам, олардың үшеуі коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ковид жұқтырушы екі адам ешқандай асқынуларсыз ауруды оңай бастан өткерді, ал бір науқас өкінішке орай қайтыс болды. Себебі ол  ұзақ уақыт үйінде жатып, медициналық көмекке уақытылы жүгінбеген. Нәтижесінде өкпесінің  76 пайызы зақымданған, – деді Альфия Қарабекова.

125 Просмотры