koronavirus
- ЖАҢАЛЫҚТАР70 просмотров

Әлемдегі Коронавирус. Жаңалықтар:

🔺Токиодағы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті COVID-19 вирусына жүргізілген ПТР тестілеудің 12 оң нәтижесінің анықталғандығы туралы хабарлады — соңғы тәулікте 2 спортшы мен 10 техникалық қызметкер індет жұқтырды. Жалпы олимпиада ойындарында инфекцияның 91 жағдайы тіркелді.

🔺Әзірбайжан билігі елдегі ерекше карантиндік режимді 1 қыркүйекке дейін ұзартты. Сенбі және жексенбі күндері Үкіметтің шешімімен қоғамдық көліктер, соның ішінде Баку метросы жұмыс істемейді.

🔺Бірқатар елде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайлары бойынша тәуліктік антирекорд тіркелді: Таиландта – 13 655 дерек, Оңтүстік Кореяда – 1 838 дерек анықталды. Сонымен қатар Индонезияда коронавирустан қайтыс болғандардың тәуліктік жоғары көрсеткіші орын алды – 1 449 дерек.