- ЖАҢАЛЫҚТАР91 просмотров

А.Мамин: Мұғалімдердің барлығы 25 тамызға дейін вакцина салдыру керек

Елдегі мұғалімдердің барлығы 25 тамызға дейін вакцина салдыру керек.

Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. Ол жаңа оқу жылына тыңғылықты дайындалу қажеттігін ескертті. Қазір Алматы, Шымкент қалаларында, сосын Түркістан облысында екпе салдыру қарқыны жоғары.

Бірақ Маңғыстау мен Атырауда тым баяу жүріп жатыр. Сондықтан премьер-министр осы өңір басшыларына вакциналау мәселесіне мұқият қарау керектігін айтты.