photo 368351
- ЖАҢАЛЫҚТАР82 просмотров

2022 жылдан бастап шетелдік екпелер ақылы болмақ

Министрдің сөзінше, Қазақстан қазір Pfizer екпесін сақтау үшін арнайы тоңазытқыштарды дайындап жатыр.

Бұл вакцинаның түрі -80 градус болатын арнайы тоңазытқышта сақталуы тиіс.

– Бұл – максимум бір айдың мәселесі. Қазір тоңазытқыштар қойылып жатыр. Көп аймақтарда жұмыс аяқталып қалды. Қазақстан бойынша -80 градуста сақтау жағы шешілген соң, вакцина жеткізіледі. Pfizer екпесінің логистикасы күрделі. Сол себепті қалаларда бірнеше орын бекітілмек. Нақты қай вакциналау пунктінде оны салғызуға болатынын қосымша хабарлаймыз, – деді министр.

Қазақстан Pfizer екпесі алдымен 12 жастан асқан балалар, жүкті және бала емізетін әйелдерге салынатынын айтқан.

Бұдан бөлек министр 2022 жылдан бастап Қазақстанда коронавирусқа қарсы шетелдік екпелер ақылы болатынын мәлімдеді.

– Қазақстан өзінде вакцина шығарып жатыр (QazVac, Спутник V – ред.). Әрі бұл екпелердің клиникалық тиімділігі дәлелденді. Бұл вакциналар кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында сатып алынады. Ал қалған екпелер, тұмауға қарсы вакцина сияқты коммерциялық айналымға шығады. Қазір компанияларды Қазақстан нарығында екпелерін сатуға үгіттеп жатырмыз, – деді Цой.

6 қазан күні денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы Pfizer екпесінің 4 миллион дозасын елге жеткізу бойынша келісім жасалғанын хабарлаған еді. Германиялық ғалымдар ойлап тауып, АҚШ-та шығатын бұл екпенің тиімділігі 95 пайыздан асады. Pfizer – ДДСҰ мен Еуропа алғаш мойындаған вакциналардың бірі.

Қазақстан 20 қарашадан соң ревакцинация науқанын да бастамақ.