755861761112060
- ЖАҢАЛЫҚТАР117 просмотров

0 науқас: Атырау облысының тұрғындарында COVID-19 анықталған жоқ

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңір тұрғындары арасында COVID-19 анықталған жоқ, қауіпті инфекциядан 28 адам емделді.

Қазір 273 адам үй жағдайында ем алуда, модульдік ауруханада 27 науқас жатыр,
аудандық инфекциялық стационарларда – 4 науқас ем алуда.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта орналасқан.