60 просмотров
спорт кешені, пандемия,
- ЖАҢАЛЫҚТАР

№1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі қазіргі пандемиялық ахуал

46 / 100

Бұл мектепте 1436 бала, негізгі жаттығатын 11 бөлімше бар. Атап айтқанда, ауыр атлетика, белбеу күресі, грек-рим күресі, дзюдо (ерлер, әйелдер), еркін күрес, қазақ күрес, самбо күрес, таеквондо, тоғызқұмалақ және шахмат.
Қазіргі уақытта 3 ауысымдықпен 550-600 ге тарта бала келіп жүр. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, әр бөлімшеде 15-20 баладан жаттығу сабақтары өтуде. Сонымен қатар, тоғызқұмалақ, шахмат сабақтары онлайн түрде жалғасуда. Ойындарды интернет арқылы дамыту, насихаттау мақсатын да жарыстар ұйымдастырылып жатыр.
Қаламызда карантин шаралары орныққан сәттен, спорт мектебінің қатысушыларының қауіпсіздігін сақтау мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жасалып, жалғасып келеді. Кешенге кірер алдында дене қызуы тексеріліп, бетпердемен кіруі қатаң талап етіледі.

67 Просмотры