- Uncategorized

Теңіз кенішінен​ Covid-19 инфекциясын жұқтырған тағы 17 адам тіркелді

«Осылайша, аймақта Covid-19​ ​ коронавирустық инфекциясымен тіркелгендер саны 340​ ​ адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

​Штабтың хабарлауынша, науқастанған жұмысшылардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар 1992, 1972, 1987, 1983, 1987, 1988, 1998, 1985,​ 1995, 1964, 1986, 1982, 1983 жылғы ер адамдар және​ 1967, 1991, 1962 жылы туған әйел адамдар.​

​Қазіргі таңда науқастармен​ байланыста болғандар анықталуда. Инфекция анықталғандар дәрігерлердің бақылауына алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.​

​12​ мамыр күнгі жағдайға сəйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекциясы​ расталған адам саны – 340, оның ішінде​ ​ 269 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Сауығып шыққандар саны – 121.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған