- Uncategorized

Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің 160 жағдайы тіркелді

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 226 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы.

Атырау облысында коронавирус инфекциясының тағы 3 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, бұл 1987 ер және 1976, 1992 жылғы әйел адамдар. Үш науқаста Теңіз  кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Бүгін бұған дейін Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясының  тағы 12 жағдайы тіркелді. 

 Атап айтқанда, олар (1988, 1972, 1988, 1989, 1971, 1992, 1991, 1982, 1996) жылғы 9 ер адам мен  (1981, 1974, 1978) жылғы 3 әйел әйел адам. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен  жұмысшылар қатарында. Алгоритмге сай, жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден  анализ алынған. ПТР диагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша  Covid-19 диагнозы расталды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошағына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 226 адамнан COVID-19 індеті  анықталды.  Оның ішінде 160 адам –  Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны – 78.

Қосымша: бұған дейін  жедел штаб инфекцияның 11 жағдайы туралы хабарлады. Олар (1988, 1972, 1988, 1989, 1971, 1992, 1991, 1982, 1996) жлығы 9 ер адам және  (1974, 1978) жылғы 3 әйел адам. Барлығы  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған