- Uncategorized

Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің тағы 3 жағдайы тіркелді

Осылайша, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 229 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб. 

Штаб мәліметіне сәйкес, үш науқас та –  Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері.

 Атап айтқанда,  олар 1968, 1983 және 1993 жылғы үш ер адам.

Covid-19 анықталғанға дейін, олар бұрын  коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.  Жұмысшылардан  сынама  алынып, нәтижесінде  олардың инфекция жұқтырғаны анықталды. 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.  Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. 

Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 229 адамнан COVID-19 инфекциясы  анықталды.  Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны – 82.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған