- Uncategorized

Теңіз кенішінде Covid-19 індетінің тағы 16 жағдайы тіркелді

Осылайша, өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 256 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штаб мәліметінше, он алты науқас та – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Covid-19 анықталғанға дейін, науқастардың барлығы  бұрын  коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан.  Жұмысшылардан  сынама  алынып, нәтижесінде  олардың да инфекция жұқтырғаны анықталды. 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.  Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. 

Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 2020 жылғы 8 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны  256 адамға жетті.  

Ал, қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны – 84.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған