- Uncategorized

Елордадан Атырауға ерекше балалар мен аналары арнайы рейспен оралды

«Олар елордада 18 наурыздан бері оңалту курсынан өтіп жатқан болатын» деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

30 сәуір күні елордадан Атырауға​ 14 жолаушысы бар ұшақ келіп қонды. Бортта жеті ана мен жеті ерекше бала болды. Олар республикалық балаларды оңалту орталығынан ем алып келді. Алайда, емдеу курсы аяқталғанымен, олар​ карантин режимінің енгізілуіне байланысты ​ Атырауға орала алмаған болатын.​

«18 наурыздан бері балаларымызбен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы оңалту орталығынан квота арқылы ем қабылдай бастаған едік. Туындаған қиындықтарға байланысты мен өзімнің және ерекше балалардың аналарының атынан Атырау облысында​ төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабқа көмек сұрап​ хат жаздым. Келесі күні бізге штаб хабарласып, ТШО компаниясының қолдауымен «Аir astana» әуе компаниясының ұшағымен Атырауға оралуымызға мүмкіндік туды» дейді ерекше баланың анасы Салтанат Қонысова.

Атап өтерлігі, Атырауға оралғандардың барлығынан коронавирус инфекциясына ПЦР тест сынамасы алынды. Тест нәтижесі инфекцияның жоқ екендігін көрсетті. Қазіргі уақытта балалар мен аналар аман-есен үйлеріне оралды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған