- Uncategorized

Атырау облысында Covid-19 инфекциясының тағы 92 жағдайы тіркелді

Осылайша,  өңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 432 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың арасында 90 адам – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Ал, Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде, – деп мәлімдеді Жедел штаб.

 2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны  432-ге жетті,  оның  ішінде 359 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған