- Uncategorized

Атырау облысында Covid-19 инфекциясының тағы 142 жағдайы тіркелді

Өңірде  коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 769  адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың барлығы  – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері.  Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен  жұмысшылар қатарында. Қазіргі уақытта бекітілген алгоритмге сәйкес, олар инфекциондық стационарға жатқызылды.

 Осылайша, Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны  769 адамға жетті. Оның ішінде 689 адам –  Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны – 174.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған