- Uncategorized

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны 944 адамға жетті

Өткен тәулік ішінде өңірде Covid-19 індетінің 21 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті індетке шалдыққандардың 20-сы – Теңіз кенішінің жұмысшылары.  Инфекция 16 ер адам мен 4 әйелден  скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

– Ал, тағы бір науқас –  1972 жылғы Құрманғазы ауданының тұрғыны. Ер адам бұрын коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған, – дейді Жедел штаб.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда. Ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 944 адамға жетіп отыр. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны – 236.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған