- Uncategorized

Атырау облысында Теңіз кенішінің 25 жұмысшысы Covid-19 індетін жұқтырды

Олардың ішінде үш науқас Үндістан азаматы, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар  – кен орнынан шығар алдында  скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар  – 1996, 1971, 1978, 1974, 1992, 1965, 1974, 1988, 1974, 1987, 1984, 1976, 1970, 1998, 1986, 1992, 1991, 1982, 1978, 1982, 1979, 1994, 1987 , 1992, 1972 жылы туылған жиырма бес ер адам.

Covid – ке алынған тесттен оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға  жатқызылады және хаттамаға  сәйкес тиісті ем алады.

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің  бақылауына  алынды. Қазіргі уақытта инфекция  ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. 

Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 457 адамға жетті. Ал, аталмыш індеттен сауығып шыққандар саны – 127.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған