- Uncategorized

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 9 жағдай тіркелді

Осылайша, облыста   Covid-19  жұқтырғандар саны 193 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Штабтың мәліметінше,  тоғыз  науқастың барлығы – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 1966, 1994, 1991, 1989, 1995 және 1997  жылғы ер адамдар сондай-ақ, 1983, 1971, 1978 жылғы әйел адамдар. 

Олар Covid-19 анықталғанға дейін   бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан.  Жұмысшылардан сынама алынып, нәтижесінде Covid-19   бар екендігі расталды. 

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда. 

Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. 

Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылғы 4 мамырдағы жағдай бойынша,  Атырау облысында 193 адамда COVID-19 індеті  анықталды. Ал, 76 адам дерттен айықты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған