- Uncategorized

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 11 адам тіркелді

COVID-19 жұқтырған 4 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері. Олар   инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, 5 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олардың ішінде үшеуі ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал екеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Сондай-ақ 2 адам Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тұрғындары. Олар инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

05.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1196 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 746.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған