- Uncategorized

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 жағдай туралы ақпарат

COVID-19 жұқтырған 7 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері. Олар  1994, 1980, 1981, 1995, 1999, 1992 жылы туған ер адамдар,  сондай-ақ  біреуі  1988 жылы туған әйел адам. Олар   инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, 3 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олар  1987, 1968, 1992  жылы туған ер адамдар. Оның ішінде екеуі ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгініп, анализ тапсырған. Ал   1 адамнан ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде ПТР анализ  алынған.

Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған