- Uncategorized

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай туралы ақпарат

COVID-19 жұқтырған  4 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері.Олар 1972, 1964, 1988, 1995 жылы туған ер адамдар.

Олардың екеуі  инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, ал  тағы екеуі   скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, тағы 5 жағдай Атырау қаласынан, 1 жағдай Жылыой ауданынан  тіркелді.Олардан скринингтен өту кезінде анықталған.

Сондай-ақ  2 адам  2004, 1994 жылы туған   Мақат және Құрманғазы ауданының тұрғындары.Олар инфекция жұқтырған науқаспен  қарым-қатынаста болған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

30.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған

1036 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 302 .

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған