- Uncategorized

Атырау облысында коронавирус инфекциясының симптомды 22 жағдайы тіркелді

Қауіпті дерт Атырау қаласының 11, Индер ауданының 6, Махамбет ауданының 3 тұрғынынан анықталған. Сондай-ақ, індет жұқтырғандар арасында Исатай  және Құрманғазы аудандарының бір-бір тұрғыны бар. Олардың барлығы  скринингтік тексерістен өткендер және ЖРВИ клиникалық белгілерімен медициналық көмекке жүгінгендер. 

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Оларға тиісті хаттамаға сәйкес, ем жүргізілуде. Байланысушы тұлғалар тізімі анықталып, медициналық бақылауға алынатын болады. 

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

27.06.2020 жылғы жағдай бойынша өңірде COVİD-19 жұқтырғандар саны 1 606 адамға жетті. Ал, жазылып шыққандар саны – 1 295.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған