- Uncategorized

Атырауда Covid-19 індетінен төрт адам жазылып шықты

Емделіп шыққандар арасында екі медициналық қызметкер бар, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб. 

Дерттен айыққандар – 1997, 1968, 1966, және 1953 жылғы төрт әйел адам. Олардың ішінде екеуі  жергілікті тұрғын, қалған екеуі медициналық қызметкер. Коронавирустық инфекцияға алынған бақылау  сынамасы барлық төрт науқаста теріс нәтиже көрсетті. 

Осылайша, коронавирустық инфекциядан сауығып шыққандар саны 64 -ке жетті. Қауіпті індетті жұқтырғандар саны – 135.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған