- Uncategorized

Атырауда Covid-19 індетінен тағы бір адам жазылып шықты

Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандардың саны 84 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Бүгін, 7 мамыр күні  Теңіз кенішіндегі мердігер мекеменің  27 жастағы қызметкері инфекциялық стационардан емделіп шықты. 

Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест  нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. 

 Осылайша, 2020 жылғы 7 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандардың саны 84 адамға жетті.  Ал, қауіпті дертке шалдыққандар саны –  240. Оның ішінде 173 адам –  Теңіз кенішіндегі жұмысшылар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған