- Uncategorized

Атырауда Covid-19 инфекциясын жұқтырған тағы 6 адам тіркелді


«Осылайша, аймақта Covid-19 коронавирустық инфекциясымен тіркелген адамдар саны 296 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Штабтың хабарлауынша,  науқастардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялардың жұмысшылары. Олар 1987, 1995,  1998,  1986,  1989 жылғы ер адамдар жəне 1994 жылғы əйел адам.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сəйкес, бірегей ем-шара қабылдауда.

10 мамыр күнгі жағдайға сəйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекциясы  расталған адам саны – 296.

Оның ішінде 225 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары. 

 91 адам сауығып шықты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған