- Uncategorized

Атырауда Covid-19 инфекциясын жұқтырған тағы 1 адам тіркелді

«Осылайша, аймақта Covid-19   коронавирустық инфекциясымен тіркелген адамдар саны 299 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Ауру анықталғанға дейін жұмысшы науқас адаммен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Зертханалық сынама, ПТР зерттеулер нəтижесі коронавирустық инфекцияны растады.

Штабтың хабарлауынша,  науқас  Теңіз кенішіндегі мердігер компания жұмысшысы, Батыс Қазақстан облысы тұрғыны.  1986 жылғы ер адам.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сəйкес, бірегей ем-шара қабылдауда.

10 мамыр күнгі жағдайға сəйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекциясы  расталған адам саны – 299.

Сауығып шыққандар саны – 113.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған