- Uncategorized

Атырауда эпидемиолог коронавирустан жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен сауығып шыққандардың саны 82 адамға  жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб. 

Штаб мәліметіне сәйкес, тауарлар мен көрсетілген  қызметтердің  сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 55 жастағы  қызметкері – Теңіз кенішіне іс-сапармен барған. 

– Эпидемиолог Covid-19 індетін  инфекция ошағында  жұмыс істеу барысында жұқтырды.  Оған инфекциялық стационарда тиісті ем шаралары жүргізіліп, соңғы алынған тест  қорытындысы бойынша  әйелдің коронавирус инфекциясынан айыққаны расталды, –  дейді штабтағылар.

Сондай-ақ,  инфекциялық стационардан тағы үш жергілікті тұрғын жазылып шыққан. Олар – 33,35 жастағы екі ер адам және 25 жастағы әйел.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған