- Uncategorized

Атырауда Теңіз кенішінің 24 жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

Осылайша, өңірде қауіпті дерттен айыққандардың саны 1088 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы. 

Бүгін, 21 маусым күні Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 24 адамның жазылып шыққаны белгілі болды. 

– Он тоғыз ер адам мен бес әйелге жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. Олардың барлығы инфекциялық стационардан шығарылды, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.  

Айта кетейік,бүгінде облыста коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандардың саны 1088-ге жетіп отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған