- Uncategorized

Атырауда Теңіз кенішінің бес жұмысшысы коронавирустан жазылып шықты

Атырау облысында  Covid-19 індетінен  сауығып шыққандар саны 91 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Жедел штаб мәліметіне сәйкес,  инфекциялық стационардан емделіп шыққандар – 26, 33, 52 және 38 жастағы төрт ер адам, сонымен қатар,  37 жастағы әйел адам.  Олардың барлығы –  Теңіз кенішіндегі  мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Жұмысшылардан коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған  соңғы анализ қорытындысы теріс көрсеткіш көрсеткен. 

 Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар  саны 91 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған