- Uncategorized

Атырауда тағы екі адам коронавирустан жазылып шықты

Атырау облысында Covid-19 індетінен сауығып шыққандардың  саны 78 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, инфекциялық стационардан емделіп шыққандар  – 51 және 26 жастағы екі әйел.

Тиісті ем шараларынан кейін олардан анализ сынамалары алынып, нәтижесінде коронавирус анықталмаған.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен айыққандар саны 78 адамға жетті. Ал, 206 адам – індет жұқтырған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған