- Uncategorized

Атырауда коронавирус індетінен 74 адам жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар саны  606 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 74 адам жазылып шыққан. Олардың 7-і әйел, 67-сі ер адам.  73-і Теңіз кенішінің жұмысшылары болса, біреуі Жылой ауданының  тұрғыны.

– Қазіргі уақытта емделіп шыққандар өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 606 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған