- Uncategorized

Атырауда коронавирус індетінен 31 адам жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар саны  637 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 31 адам жазылып шыққан. Олардың 5-і әйел, 26 -сі ер адам. Емделіп шыққандардың барлығы да Теңіз кенішінің жұмысшылары.

–  Қазіргі уақытта емделіп шыққандар өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандар  саны 637 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған