- Uncategorized

Атырауда коронавирус індетінен 24 адам жазылып шықты

Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар  саны  985 адамға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

 Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 24 адам жазылып шыққан. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 16 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкерлер, 4  Жылой ауданының, Құрманғазы ауданының тұрғыны. Сонымен қатар, Қызылқоға ауданынан 1, Атырау қаласынан 1  тұрғын қауіпті індеттен емделіп шыққан.   

– Қазіргі уақытта емделіп шыққан өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 985 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған