- Uncategorized

Атырауда коронавирус індетінен 16 адам жазылып шықты

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 16 адам жазылып шықты   (14 ер адам және 2 әйел адам), деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Олардың ішінде  16 адамның 12-сі Теңіз кенішінің жұмысшылары болса,  екеуі Исатай  ауданының, ал, қалған екеуі Атырау қаласының тұрғындары.  

 Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті. Жағдайлары – қанағаттанарлық. 

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 789 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған