- Uncategorized

Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 жағдай тіркелді

“Құрманғазы ауданында коронавирус инфекциясымен 5 адам тіркелді” деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Олар Түркістан облысының тумалары. 1996, 1992, 1995, 1996, 1988 жылғы ер адамдар Атырау облысына Ресей Федерациясынан келген. Олардан алынған тест сынамалары коронавирустық инфекциясын растады. Қазіргі уақытта бекітілген алгоритмге сәйкес, олар инфекциондық стационарға жатқызылды.

Тағы 27 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары. Олар 1997, 1986, 1978, 1997, 1981, 1995, 1994, 1985, 1984, 1979, 1982, 1962, 1984, 1994, 1979, 1979, 1990, 1975, 1982, 1980, 1964 туған ер адамдар және 1966, 1961, 1977, 1972, 1968, 1999 жылы туған әйел адамдар.

Жұмысшылар Теңіз кенішінен демобилизацияланар алдында тест сынамаларын тапсырды. ПЦР тест нәтижесі инфекцияны растады.

16 мамырдағы жағдай бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясы 506 адамда расталып отыр. Оның ішінде, 428 жағдай Теңіз кенішінен тіркеліп отыр. Қатерлі инфекцияны жеңіп шыққандар саны Атырауда 147 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған