- Uncategorized

Атырауда коронавирус инфекциясын​ жұқтырғандар саны​ 240​ ​ адамға​ ​ жетті

«Атырауда тағы 11​ адамнан қауіпті індет​ анықталды»​ ​ деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

​Науқастар 1964,​ 1971, 1998, 1973, 1992, 1961, 1982, 1966,​ ​ 1989, 1987, 1988​ ​ жылы туған ер адамдар.

​Штабтың мәліметінше, олардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары.

​Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

7 мамыр күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 240​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр. Оның ішінде​ 173 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары. Сауығып шыққандар саны​ 82 адам.​

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған