- Uncategorized

Атырауда коронавирус инфекциясынан жүкті әйел жазылып шықты

Өңірде  Covid-19 індетінен айыққандар саны 174 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында  қауіпті дерттен тағы үш  адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың екеуі  – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  26 мен  28 жастағы ер адамдар.

– Ал, инфекциялық стационардан шығарылған үшінші  адам – 24 жастағы Индер  ауданының тұрғыны. Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді,  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест нәтижесі, теріс көрсеткіш көрсетті, – деп хабарлады Жедел штаб. 

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 174 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған