- Uncategorized

Атырауда коронавирус инфекциясынан Теңіз кенішінің бес жұмысшысы сауығып шықты

«Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті» деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Сауығып шыққандар Теңіз кенішінің бес жұмысшысы: төрт ер адам және бір әйел адам.

«Коронавирус инфекциясымен бірге, бес науқастың барлығынан өкпенің қабыну дерті қоса пайда болды. Сол себепті, олардың жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағаланған еді. Десе де, дәрігерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ауруды жеңу мүмкін болды. Бүгінде емделушілерден коронавирусқа тапсырылған бақылау тесті нәтижесі қатерлі дерттің беті қайтқанын көрсетті. Емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды» деп нақтылады Штаб.​

Айта кетелік, вирусты жеңіп шыққандар 36, 37, 23, 42 жастағы ер адамдар және ​ 54 жастағы әйел адам.​

17 ​ мамырдағы кешкі уақыттағы жағдай бойынша, Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті.​

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған