- Uncategorized

Атырауда коронавирустан тағы тоғыз адам жазылып шықты

Өңірде қауіпті індеттен айығып шыққандар  саны 994-ке жетті, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Жазылып шыққандардың бесеуі   Теңіз кенішінің жұмысшысы,  екеуі Атырау қаласының тұрғыны, сондай-ақ Жылыой және Құрманғазы аудандарының екі тұрғыны бар.  Оларға жасалған  соңғы тест нәтижесі  теріс көрсеткіш көрсеткен.

– Үш ер адам мен алты әйел инфекциялық стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта олардың жағдайы жақсы,  өздерін жақсы сезінеді, – дейді дәрігерлер. 

Осылайша, облыста  коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 994-ке жетіп отыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған