- Uncategorized

Атырауда коронавирустан жазылғандар саны 1 мыңға жетті

Өңірде тағы алты адам  инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін, 17 маусым күні Атырау облысында коронавирус инфекциясынан алты адамның емделіп шыққаны белгілі болды.

–        Теңіз кенішінде жұмыс істейтін алты ер адамға жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. Олар инфекциялық стационардан шығарылды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Айта кетейік, бүгінде  Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1 000 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған