- Uncategorized

Атырауда жүкті əйел коронавирус ауруына шалдықты

«Covid-19 инфекциясын жұқтырғандар Атырау облысында 272 адамға жетті» деп хабарлайды  Атырау облысында төтенше жағдай режимін қалыптастыру жөніндегі шұғыл штаб.

Науқас 1985 жылы туған Шымкент қаласының тумасы. Ол Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің бірінде жұмыс істейді.

Жаңадан тіркелген науқастардың қатарында облыстық перинаталдық орталықтың пациенті де бар. Ол 1987 жылы туған. Жəне Теңіз кенішінде  жұмыс істейтін 1957 жылғы ер адам да бар.

«63 жастағы ер адам екінші облыстық ауруханаға пневмония, яғни, өкпенің қабынуы диагнозымен жатқызылды» деп нақтылады штаб.

Қазіргі таңда аймақта коронавирус инфекциясымен тіркелген адамдар саны 272 -ге жетті. 

Сауығып шыққандар саны 86 адам.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған