- Uncategorized

Атырауда дәрігер мен үш полиция қызметкері коронавирустан сауығып шықты

Атырау облысында Covid-19 індетінен айыққандар саны 76-ға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.

Жедел штабтың ақпаратына сәйкес, инфекциялық стационардан  шығарылған адамдар – 1980 жылғы Атырау облыстық ауруханасының радиолог дәрігері, 1983 жылғы полицей мен 1990 жылғы екі полицей.

Тиісті ем шараларынан кейін олардан анализ сынамалары алынып, нәтижесінде коронавирус анықталмаған.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен айыққандар саны 76 адамға жетті. Ал, 184 адам – індет жұқтырған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған